Маман Қазақстандағы вакциналардың қайсы қалай қорғайтынын айтты

Сандуғаш Сұлтан
Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маман Қазақстандағы вакциналардың қайсы қалай қорғайтынын айтты Фото: elements.envato.com

Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман елдегі вакциналардың қайсы коронавирустан қалай қорғайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман елдегі вакциналардың қайсы коронавирустан қалай қорғайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шарманның айтуынша, вакциналар екі топқа бөлінеді - векторлық және "өлі" вакцина.

"Вакциналарды екі топқа бөлуге болады, біріншісі - векторлық, мысалы, "Спутник V". Ондай вакциналар коронавирус жұғуынан жақсы қорғайды, бірақ екі дозасы салынса ғана. Менің ойымша, векторлық вакциналар "дельта" штамынан да жақсы қорғайды. Екінші топ - "өлі" вакцина. Оған мысалы, қытайлық Sinovac пен біздің QazVac жатады. Бұл вакциналар ауру симптомдарының қатты білінуінен және өлімнен сақтайды, бірақ коронавирус жұқтырудан азырақ қорғайды", - деді маман.

Айта кетейік, бұған дейін Алмаз Шарман коронавирус жұқтырғандарды вакцина қаншалықты қорғайтынын айтқан болатын.

Tengrinews
Читайте также

Курс валют

 488.18   559.6   6.65 

 

Погода

Алматы
А
Алматы +23
Астана +19
Актау +24
Актобе +19
Атырау +28
Б
Балхаш +22
Ж
Жезказган +19
К
Караганда +19
Кокшетау +20
Костанай +24
Кызылорда +18
П
Павлодар +18
Петропавловск +17
С
Семей +21
Т
Талдыкорган +21
Тараз +22
Туркестан +21
У
Уральск +16
Усть-Каменогорск +21
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Реклама
Социальные сети